«Аялы алақан» 20 адамды жүұмыспен қамтып отыр

Oinet.kz 18-05-2023 332

38.jpg

Түркістан облысында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті кәсіпкерлер де өз кәсібін дөңгелетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысуда. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде шағын тігін цехы жұмыс істейді. Мұнда тапсырыспен арнайы киімдер тігіп шығарады. Жеке кәсіпкер, «Аялы алақан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерболат Байсахалов цехты 3 жыл бұрын іске қосып, қазіргі таңда тұрақты тұтынушылары да бар. Тігін шеберханасында 20-дан астам адам еңбек етуде. Барлығы – жергілікті тұрғындар. 

Биыл кәсіпкердің өндіріс орнына аудандық жұмыспен қамту орталығынан 8 адам әлеуметтік жұмыс орнымен жұмысқа жолданған. 

Айта кетейік, 2022 жылы Ордабасы ауданында 170 азаматты әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты жолданған азаматтар саны 187-ні құрады. Ал биыл 200 адамды қамту көзделсе, жыл басынан бері 209 азаматқа жолдама берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. 


Жетісайда бірнеше кәсіпорын іске қосылады
«Арай-2023» байқауының І кезеңі аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу