Республикалық ақпараттық топ-Сарыағашта

Oinet.kz 16-05-2023 275

26.jpg

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановпен бекітілген жоспарға сәйкес, дін саласы бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен Сарыағаш ауданында  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бақтияр Оспанов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халыков аудан жастары және жалпы орта мектептердің дінтану және зайырлылық пәні мұғалімдерімен кездесті.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Арыстанбаб колледжі, №3 М. Ломоносов жалпы орта мектебінде өтті. 

Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты - жастарға рухани азық беру. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жастардың тәрбиесі, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ұялы телефонға тәуелділігі, жат діни ағымдардан сақтану, шет мемлекеттерде діни білім алудың қауіптілігі тақырыптары тереңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту еліміздегі қазіргі діни ахуал және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында да маңызды. РАТТ мүшелері дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін жеткізді.


«Махаббат эстафетасы» байқауы өтті
Түркістан: Облыстық жолдар жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу