Солтүстікке көшкісі келгендерге қолдау көп
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мен "TAUЕKEL" республикалық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен аудан орталығы Жетісай қаласында орналасқан мәдениет үйінде «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жоба аясында кездесу өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге аудан тұрғындары, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нурашов Нуржан , "TAUЕKEL" қоғамдық ұйымының төрағасы, аудандық партия филиалының төрағасы Асауов Адилхан, Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Олжас Каныбеков және аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.
Кездесудегі мақсат Түркістан облысынан Солтүстік өңірге қоныс аудару.
Кездесу барысында Халықты жұмыспен қамту орталығы директоры мен делегаттар аудан тұрғындарына солтүстік өңіріне көшу жолдарымен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін және көрсетілетін қолдауларды түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.