«Биіктегі демалыс»

Oinet.kz 14-05-2023 532

image.png

Төлеби ауданының жауһары саналатын Қасқасу шатқалы бүгінде ауданның ғана емес еліміздің туристік аймағына айналып отыр.  Туристерді тамаша табиғатымен тарта білген өлкеде демалыс орындарының саны жыл санап артып келеді. 

Ірі туристік жобалардың қатарындағы Қасқасу ауылдық округіндегі құны 187 миллион теңгені құрайтын «Top resort» демалыс орны былтыр мамыр айында іске қосылған болатын. Кешен тәулігіне 50 адамды қабылдайды.  

image.png

image.png

Шатқал етегінде орналасқан коттеджерде барлық жайлылық жасалған. Қысы-жазы қонақтарды қабылдауға әзір демалыс кешенінде:

- Жазғы тапшандар

- Банкет залы

- Жазғы терасса

- Өзен жағасында орналасқан сақ моншасы бар.

image.png

image.png

Шатқалға келіп, оның кереметін сезінбеуге бола ма? Ол үшін сізге атпен серуендеу ұсынылады. Тек серуендеп қана қоймай саумал мен қымыздан дәм тата аласыз. 

Орта Азиядағы ең биік нүктеде орналасқан демалыс орнын көзбен көріп, демалыпқайтқан дұрыс!

Қасқасуға шетелдік туристер де ағылатын күн алыс емес
«Биіктегі демалыс»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу