Қасқасуға шетелдік туристер де ағылатын күн алыс емес

Oinet.kz 14-05-2023 449

image.png

Туризм - Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Туристік саланың дамуы бір табиғаттың әдемілігімен ғана емес, туристік бағытты дамытуға арналған құндылықтарымен де ерекшеленеді. 

Төле би ауданның жазы жайдарлы, қысы  ыңғайлы болып келеді. Алайда бұл аудан қысқы туризмге қолайсыз деген сөз емес.  Шыңы қарлы Қасқасу тауы нағыз қысқы экстримді ұнататындар үшін таптырмас орын. Алдағы жылдары мұнда тек өңір, елімізден ғана емес шетелдік туристер де ағылады деген болжам бар. Себебі Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы Ақмойнақ тауының бөктерінде «Қасқасу» туристік рекреациялық кешені бой көтеруде.  

image.png

Жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне, сондай-ақ Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.  Жобаны жүзеге асыру мақсатында өткен жылға инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 50 млн теңге қарастырылған болатын.   

Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде. Кешен толық іске қосылған кезде шаңғы трассаларының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін демалуына мүмкіндік жасайды.  Яғни мұнда күніне 4 000-ға жуық  адам келіп, 2 000-ға жуық шаңғышы бір мезетте шаңғы тебе алады. Демалыс, әрі саяхат кешені алыс-жақын шетелдіктерді де қызық­тыр­атыны сөзсіз. 

Түркістан облысының кәсіпкерлері өңірдегі проблемаларды атады
«Биіктегі демалыс»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу