Түркістанда 13 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді
Түркістан қаласында жалпы 25 ірі супер маркет, 3 көтерме сауда орны (Алтын бұлақ, Барлық, ЭкоБазар) және 187 дүкен бар. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында - 13 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Сондай-ақ, 4 ірі сауда орталықтарында (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Шапағат) арзандатылған ӘМАТ өнімдері тұрақты сатылымға қойылып, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар жұмыс істеуде.
Шаһарда азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемеақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлерімен біріге ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бергі көрсеткіштер бойынша- 145 шағын дүкенде, 7 ірі сауда орталығында, 13 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жүргізілді.