Мемлекеттік бағдарлама — қолайлы мүмкіндік
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
Түркістан облысында 1458 жасқа, "Жастар практикасы", "Алғашқы бос жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыс", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Бастау-Бизнес" және "Ұрпақтар келісім-шарты" жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Ал, 17 сәуір мен 05 мамыр аралығын қамтитын насихаттық аралау жұмыстарының нәтижесінде 51 467 жасқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2023 жылғы мамыр айының 3-індегі жағдай бойынша «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 % несие бойынша Түркістан облысынан 183 өтінім келіп түскен. Оның ішінде Түркістан қаласы 7, Арыс қаласы 9, Кентау қаласы 3, Бәйдібек ауданы 6, Жетісай ауданы 2, Қазығұрт ауданы 46, Мақтаарал ауданы 3, Отырар ауданы 15, Ордабасы ауданы 3, Сайрам ауданы 15, Сарыағаш ауданы 26, Сауран ауданы 9, Төлеби ауданы 14, Түлкібас ауданы 14, Шардара ауданы бойынша 11 талапкер бағдарламаға қатысуға өтінім берген.
Ал, осы мемлекеттік бағдарламалды шалғай ауылдар мен елді мекен жастарына түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында аудан, қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары ауыл-ауылдарды аралап, NEET санатындағы жастардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша анықтап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Қазіргі таңда, күн тәртібіндегі маңызды мәселе айналған жұмысты жүйелендіріп, жандандыру үшін жастар көп шоғырланатын орындарда, сауда орындары мен саябақтарда тиісті сала мамандарының қатысуымен "Ашық есік" күндері ұйымдастырылуда. Бұл бағыттығы іс-шаралар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жүргізілетін болады.