Төлебиде қосалқы электер станциясы салынуда

Oinet.kz 11-05-2023 287

39.jpg

Елімізде 2021 жылы «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы қабылданған. Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. Осы орайда аталған ұлттық жоба аясында Түркістан облысының Төлеби ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласының аумағы кеңейіп, шағынаудандарда тұрғын үйлер саны артып келеді. Қажетті инфрақұрылым жүйелерін реттеу мәселесіне де сұраныс өсе түскен. Қазіргі таңда қаланың электр жарығының қуаттылығын арттырып, ауыз су мөлшерін көбейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 

Ленгір қаласы тұрғындарының сұранысына сай электр жүйелерінің қуаттылығын арттыру мақсатында «Алатау» мөлтек ауданында қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаттылығы – 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10. Қосалқы станция құрылысына республика бюджеттен 2 млрд. 169 млн. теңге қаржы қарастырылып, арнайы 2,0 га жер бөлінді. Іске қосылған жағдайда аудан орталығының «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады деп күтілуде.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылыс алаңында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. 


Мақсат-тұрғындарға жайлы өмір сыйлау
«Түркістан барысында» 21 балуан белдесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу