Шардара: Бақша дақылдарына басымдық берілуде

Oinet.kz 01-05-2023 231

23.jpg

Шардара ауданында ағын суды көп қажет ететін мақта егістігінің көлемі азайтылды. Оның орнына бақшы дақылдарының көлемі артуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

  Шардара ауданында биыл 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Атап айтқанда, күздік бидай – 1100 га, жаздық арпа – 1500 га, күріш – 1200 га, дәндік жүгері – 3560 га, маш – 670 га, мақта – 11200 га, ескі жоңышқа – 20010 га, жаңа жоңышқа – 4100 га, сүрлемдік жүгері – 4250 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 9360 га. Бүгінге дейін күздік бидай, жаздық арпа, жаңа жоңышқа мен картоп 100%-ға егілді. Көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. 

2023 жылы мақтаның егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4443 гектарға азайтылды. Оның орнына мал азығы және бақша дақылдарын егу көлемі артады. 

Ауыл округтері бойынша осы жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру (сор шаю – 15643 га, ылғалдандыру – 20974 га) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 20 м3/сек ағын су босатылуда. Сор шаю жұмыстары 100% орындалған. Қалған 20974 га егістік алқапқа ылғалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ағын су жеткізіп беруде мәселелер жоқ.

Ауданда аса қауіпті зиянкестермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық штаб құрылды. Аса қауіпті марокко шегірткесі мен басқа зиянкестерге қарсы 2480 га өңдеу жұмыстары жоспарлануда. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге биыл ауданға жалпы көлемі 2860,0 тонна жанар-жағармай бөлінді. 


Түркістанда дезинсекция жұмыстары жалғасуда
Түркістан: «Табысты отбасы» жобасы жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу