Түркістанда дезинсекция жұмыстары жалғасуда
Түркістан облысының аумағында шыбын-шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктердің санын азайтуға және ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге мердігер ЖШС «Satti Tulik» анықталып, дезинсекциялық жұмыстары жүргізілуде.
Дезинсекция шаралары облыс аумағында наурыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Жәндіктермен күресу жұмыстары химиялық (кардинал, фипрон) және биологиялық (бактицид) әдістерімен өңделуде. Жалпы 3663 га аумақ химиялық әдіспен және Сырдария өзеніне биологиялық әдіспен 2 кезеңмен суға төгу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, Түркістан қаласы аумағында 386,4 га жер теліміне химиялық әдіспен 3 рет дезинсекция шаралары жүргізілді. Кентау қаласы аумағында 37,9 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары атқарылды. Арыс қаласы аумағында 279,23 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Арыс қаласынан өтетін Сырдария өзеніне 22680 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді. Отырар ауданы аумағында 166,3 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары жүргізілді.
Отырар аумағынан өтетін Сырдария өзеніне 12960 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді. Сауран ауданы аумағында 107,5 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары қолға алынды. Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне кардинал, фипрон препараттары қолданылу арқылы 2 рет дезинсекция шаралары өткізілді. Сонымен қатар Шардара аумағынан өтетін Сырдария өзенін өңдеуге 9720 литр бактицид препараты қолданылды.
Дезинсекция шаралары қоршаған ортаға, Сырдария өзенінің флорасы мен фаунасына зиян тигізбейді. Жұмыстар жалғасады. Жұмыс барысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қатаң бақылауында.
Айта кетейік, ғылыми зерделеу жұмыстарына 10 адам жұмылдырылған. Дезинсекция жұмыстарына 62 техника және 77 адам тартылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі