Түркістанға жаңа автобус келеді
Биыл Түркістанда 50-ге жуық жаңка автобус алуц жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлім етті.
Әкімнің мәлімдеуінше, 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шақырым құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4 пайызға жетті.
– 2023 жылы Түркістанның жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 86,5 пайызға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта нысан бойынша құрылыс жұмыстары 132,8 шқ құрайтын 134 көшеде аяқталды. Оның ішінде қосылғаны - 113 көше. Қалған 144,4 шақырымды құрайтын 138 көшеде құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады, - деді шаһар басшысы.
Сондай-ақ Түркістан қаласында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 210 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 86 автобус (оның ішінде, 2022 жылы - 28) алынған. Биылғы меже бойынша қалаға тасымалдаушы мекемелер есебінен 46 жаңа автобус алу жоспарланып отыр. Жаңа автобустар алынған жағдайда №16 бағытын ашу, сондай-ақ №4, 4а, 2а, 9, 9а бағыттарындағы шағын автобустарды сыйымдылығы жоғары 46 автобусқа ауыстыру көзделген.
Сонымен қатар, қала аумағында жалпы 456 аялдама қажеттілігі анықталып, 2022 жылы қалаішілік орталық көшелерге 150 дана аялдама орнатылған. Биыл қосымша 100 аялдама орнату қолға алынды. Қалған 206 аялдаманы кезең-кезеңімен шешу жоспарланған.
Брифингте атап өтілгендей, Әкімшілік-іскерлік орталықта 2021 жылы құрылыс басқармасының тапсырысымен «Мұз сарайының» құрылысы басталды. Қазіргі таңда құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ жаңадан салынып жатқан 700 оқушыға арналған «Дарын» мектебінің құрылысы аяқталуға жақын. Ал «Жасанды көл» нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 50 пайызы аяқталған.
Сонымен қатар, туристік-рекреациялық орталығында жасанды көлдің 50 пайызы, сыйымдылығы 2 млн.м3 су көлемін құрайтын спорт кешендері бар есу каналының 80 пайыз құрылысы аяқталып, биыл ел игілігіне беру жоспарланып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі