Төреғали мен Қайраттың гонорары 3 миллионнан асты

Oinet.kz 16-09-2019 3027

Screenshot_7.jpg

Гонороры жылдан-жылға еселене беретін отандық әншілер тойыңызда 5-6 ән орындау үшін қанша сұрайды? Бұл жайында Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы жазады, «Сенбілік жаңалықтарға» сілтеме беріп. 

Әу дегені  1 миллионнан кемімейтін әншілер, халықтың қалтасын неге ойламайды екен, дейсің...

Тойыңыздағы қызметінен бөлек, бару-келуі мен қонақ үйдегі қонысына да міндетті түрде төлейсіз. Айтпақшы, күтіп алатын көлігіңіздің  маркасы маңызды.

Сонымен, өздерін жұлдызбыз дейтін, бір әнді 4-5 жыл айтатын әншілердің тойдағы құны қанша?

1. Музарт тобы - 10 мың доллар яғни 3 870 000теңге. 

2. Төреғали мен Қайрат - 8 мың доллар, бұл деген 3 096 000 теңге.

3. Жоқ-жоқ деп хит болған Ерке Есмахан - 7 мың доллар сұрайды, 2 709 000 теңге. 

4. Әбдіжаппар мен Ернар Айдар - 5 мың доллар, яғни 1 935 000теңге. 

5. Кредитті әнге қосқан Бақай тобы - 1 500 000 теңге сұрайды. 

Жанар Хамитова балаларын неге тастады?
Нұржан Керменбаев: «Жанар менен кешірім сұраған. Оған ренішім жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу