Жанар Хамитова балаларын неге тастады?

Oinet.kz 13-09-2019 2616

Screenshot_5.jpg

Жанар Хамитова неге балаларын тастап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz.

Қазіргі "Арнау" дуэтінің бұрынғы солисі Жанар Хамитова Алматыда тұрады. Ал әншінің перзенттері Түркияда әкесімен бірге өмір сүруде. Өнер иесі ұлдарын қайтармақшы болып, қорғаушы жалдаған. Алайда ол күйеуінен әлі күнге дейін қорқатынын жеткізді. Балаларымды бірден алып кетпегенімнің де себебі осы дейді ол. 

"Мен қазақстандықтардың барлығы күйеуімді неге түрік деп ойлайтынын білмеймін! Біз жай ғана сол жерде тұрдық. Алла қаласа, жақын арада балаларым қайта оралады. Мен оларды өз еркіммен тастап кетпедім. Отбасы - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір қорғаушы жалдадым, енді балаларымды қайтарып аламын. Оған қоса, мен күйеуімнен қорқатын едім", - дейді Жанар Хамитова. 

Естеріңізге болса, 2018 жылы Жанар Хамитованың жұбайы оны үйден қуып шыққан. Келіншек қолындағы бір пакетімен кетіп қалуға мәжбүр болған еді.


Жастар 82 жасында үйленген Нүсіпжановты әзілге қосты (видео)
Төреғали мен Қайраттың гонорары 3 миллионнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу