«Күйеуімнің не айтқанын білмеймін»: Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткені

Oinet.kz 08-08-2024 1154

Танымал хит әндердің орындаушысы Индира Елемес “Мамский әңгіме” подкастында тұрмысқа шыққаннан кейін өнердегі құрбыларымен неге араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Өнер иесінің жолдасы құрбы-құрдастарымен және өнердегі әріптестерімен араласуына қарсы болған көрінеді.

“Өнердегі ең алғашқы продюсерім – Мөлдір Әуелбекова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін араласпай қалдым. Жақын деген құрбыларымнан алыстап кеттім. Одан кейін Ерке Есмаханмен жақсы араластым. Ол кезде хит әндерді орындап жүрген еді. Мен болсам енді шығып келе жаттым. Екеуміздің үйіміз жақын болды. Көп сырласатын едік. Өте жақсы қыз. Әншілігінен бөлек, адамгершілігі де керемет болатын. Менімен тең дәрежеде сөйлесетін. Бағыт-бағдар берді. Жолдасым ол кісімен де араластырған жоқ. Ерке мені өзінің гастролдік сапарларына қоспақшы да болды. Кейін жолдасымның не дегенін білмеймін, бізге ренжіп қалды. Ерке екеуміздің арамызда ешқандай да кикілжің болған жоқ. Бірақ қазір араласпаймыз” – деді әнші. 

Эстрада әншісі тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден қол үзіп қалғанын жасырмады. 18 жасында ана атанған әншінің тұңғышы 13 жаста екен. 

“Тұрмысқа шықпастан бұрын тойда ән айтатын едім. Табысым да жақсы болды. Бір аптада 3-4 тойға бардым. Тұрмысқа шыққаннан кейін бәрі қалды. Күйеуім қарсы болды. Тіпті маникюр жасатпадым. Дүкенге азық-түлік алуға да шықпадым. Өйткені бәрін жолдасым әкелді. Коммуналдық шығынды да өзі төледі. Келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көремін, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", – деді отандық шоу-бизнес өкілі.  

«Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ме?»: Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтты
«Бөліп төлеуге келістік»: Тұрсен Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын қаншаға сатып алғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу