«Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ме?»: Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйел болудың қиындығын айтты

Oinet.kz 23-07-2024 1268

Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Әнші Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдер мәселесін көтеріп, олардың қоғамдағы орнын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Бұл туралы актриса желідегі парақшасында жазып, қазіргі кезде қоғамда жалғызбасты әйелдердің көптігін жеткізді. 

"Кейде маған қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жылғызбасты әйел өз орнын, еншісін қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" деген сұрақ көп. Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын”, – деді ол.

Айгүл Иманбаева өз басынан өткен оқиғасымен бөлісып, жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей күш керектігін айтты.

“Жалғызбасты әйелдердің қатарында мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. "Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?.." деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды. ...Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың, бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек. Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркек энергиясына айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?", – деді актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

«Мамасының етегінен шыға алмай»: Заңгер Айдарбекованың баласын жоқтаған әрекетін «надандық» дейді
«Күйеуімнің не айтқанын білмеймін»: Индира Елемес әріптесі Ерке Есмаханмен не үшін араласпай кеткені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу