«Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар»: Ләйлә Сұлтанқызы астаналық тұрғынның оқиғасымен бөлісті

Oinet.kz 06-05-2024 1021

Отандық журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің өмірін сақтап қалу үшін, ағзасын құрбан еткен әйелдің оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_28.jpg

Тележурналист сенбілік іс-шарасы кезінде астаналық тұрғынмен танысып, бастан өткен оқиғасын тыңдады. 

“Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім де босап кетті. 4 ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен. Есімі – Бекболат. Осыған дейін әріптесім Ерқанат Көпжасар сюжет әзірлеп, деректі фильм түсірген екен. Бұл кісіге келіншегі бір бүйрегін берген. Әйелінің бүйрегі азаматынікіне 86% сәйкес келіп, донор болған”, – деді журналист. 

Медиа өкілінің сөзінен кейін астаналық тұрғын да денсаулығының қазіргі жағдайын баяндап берді. 

“Гемодиализден құтылғаныма 4 ай болды. Келіншегімнің есімі – Сәбира. Қазір үш қызымыз бар. Мұны екінің бірі істей бермейді. Келіншегімнің ісі – нағыз ерлік. Әйеліме өмір бойы риза болып өтемін. Әке-шешесіне осындай қызды тәрбиелеп, менің тағдырыма жолықтырғанына алғыс айтамын. Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар", – дейді Бекболат. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

«Тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды»: Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Халықтың кәсібін жүргізуге көметесуші Аманжол Рысмендиев халық түгілі, мемлекетке қарыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу