«Тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды»: Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы махрге қарсы шықты. Айтуынша, аталған дәстүрді қоғамнан аластатқан дұрыс екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Мына кісінің жанайқайы дұп-дұрыс! Кредиттен кредитте жүрген ауыл баласынан #махрге — көлік, пәтер сұрайтын әумесер қыздар көбейіп барады.
Байдың шолжаң баласынан сұра, не сұрасаң да қарсы емеспін. Өзі әрең жүрген кедей баласынан #тауықмиқыздар аспандағы айды сұрағанда нервім көтеріліп кетеді менің де.
Осы махр дегенді мүлдем алып тастау керек!», — деп жазды ол.