«Дәл мұндай көп гонарарды ешкім бермепті»: Жарқынай Ханайым бұрынғы продюсерінің мәрттігі туралы

Oinet.kz 01-03-2024 1195

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым "Ревю" бағдарламасында Баян Мақсатқызымен шығармашылық байланыста екенін айтты, деп  хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Продюсер наурыз айында болатын шығармашылық кешіне дайындалып жатыр. Талантты актриса Баян Мақсатқызы туралы мюзиклде жас кезін сомдайтын көрінеді. 

“Жұмыс пен отбасылық өмірді араластырмаймын. Дәл қазір мұрнымыздан шаншылып жұмыс істеп жатырмыз. Менің жастық шағымнан мюзикл қойылады. Оған актрисаны ұзақ іздемедім. Жарқынайға хабарласып, “Келші, сен маған керексің дедім. Ол бірден келісті. Отбасылық өміріне араласпаймын”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Одан кейін Жарқынай Ханайым үлкен сахнаға шығарған продюсеріне алғыс айтып, ұсынысынан бас тарта алмаған. 

“Мені экс келіні дегеннен гөрі, экс жобасы деген дұрыс болар. Баян Мақсатқызы – менің өнердегі анам. Сол кісінің арқасында сахнаға шығып, киноға түстім. Ал жеке отбасы мәселесіне келетін болсақ, қазір бәрі жақсы. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамын. Жақында өтетін шығармашылық кешіне шақырылғаныма қуанамын. Әнші ретінде қатысатын шығармын деп ойлап едім. Бірақ продюсердің жастық шағын сомдаймын. Өте қатты уайымдадым. Ол кісінің ел білмейтін құпиясы мюзиклде көрсетіледі. Одан кейін осы рөлім үшін өте көп гонарар аламын. Қаншама жобаға қатыссам да, дәл мұндай көп гонарарды ешкім бермепті. Баян Мақсатқызы адамның ақысын жемейді. Оны да айта кету керек”, – деп ағынан жарылды актриса. 

«Конвертпен әкеліп берді»: Актер Шерхан Пірназар ел білмейтін құпиясын бөлісті
«Алматыдағы жер сілкінісі шошытты»: Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан үй сатып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу