«Конвертпен әкеліп берді»: Актер Шерхан Пірназар ел білмейтін құпиясын бөлісті

Oinet.kz 29-02-2024 738

"Сакура иц май лайф", "Рауза", "Хотя б кино" фильмдерінің актері, Мұхтар Әуезов театрының актерлар құраманың мүшесі Шерхан Пірназар Massaget.kz студиясына барып, эксклюзив сұхбат берген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

"Рауза" телесериалынан бастау алған 90-шы жылдарды сюжеттейтін фильмде қосалқы рольді сомдаған Шерхан Пірназардің кино саласында бағын ашқан "Маңқа" образы. Осы арқылы халыққа біртабан жақындай түскен өнер иесі "Сакура" кинофильмінде басты рольдердің бірін сомдады. 

"Фильмде процесс күшті болды. Егер процесс күшті болса, қалғаны да күшті болады. Процесс барысындағы қызық сәттер өзіміздің көңілімізден шықты. Халыққа ұсынылды, халыққа ұнайды деген сенімдемін. Ең бастысы үміт ақталса екен деген үміт бар. Гонарарды алдық. Күнделікті түсірілімге емес жалпы фильмге алдым", - дейді актер.

Кинодағы ең қиын роль

"Ең қиыны "Город ветров". Тағдырлы қала деген кино. Ол әлі шыққан жоқ, мүмкін шығады, мүмкін шықпайды. Дегенмен сол фильм қиындау болды. Өйткені әр бөлімде маған 10 жас қосылып отырды. Мектеп кез, студент шақ, жұмыс одан кейін депутат боламын артынша түрмеге түсемін. Негізі әр рөлдің өзіндік қиындығы бар, өзіндік әлемі бар. Фильм шықса да, шықпаса да біздің қатысымыз жоқ. Бәрібір гонарарымызды аламыз. Себебі контракт болады. 14 күн түсірілім, сен осындай уақытта келесің деген секілді. Режиссермен талқылап, сценарий оқылады. Ары қарай киноның шығу-шықпауын продюсерлері шешеді"

Айына 230 мың теңге төлеймін

"Бұрын театрда айлық аз болған. Қазір енді Мұхтар Әуезов театры ұлттық статусты алды. Ұлттық статустың өзіне тиесілі айлығы болады. Анам жақсы, әйелім жақсы, екі бүлдіршінім өсіп келе жатыр. Алматы қаласынан 2019-да ипотекаға 29 миллионға үй алдым. Ипотека болғаннан кейін айына 230 мың теңге төлеп отырмын"

Гүлназ Жолановаға қосыламын ба, жоқ па...

"Кеше ғана көрерменге жол тартқан "Мәңгілік бала бейне" деген спектакль сахналанды. Бұл спектакльді кезінде Болат Атабаев ағамыз қойған. Сол спектакль қайтадан жанданып, тура осыдан 20 жыл бұрын қалай қойылды, солай қойылды. Тек актерлық құрам ауысты, режиссерлік шешім сол күйінде қалды. Сәуір айында Біз екеуміз деген толықметрлі кино көрерменге жол тартады. Басты рөлде актер Дәурен Серғазин және актриса Гүлназ Жоланова. Мен ол жерде қазақы дәстүрмен атастырылған Гүлназдың болашақ күйеуі боламын. Гүлназға қосыламын ба, жоқ па осы кино жарыққа шыққанда тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, мамыр айының 2-і күні "НВП ағай" деген толықметрлі фильм шығады. Ол жерде басты рөлде едім".

 Кинодағы әріптесі Еркебұлан туралы

"Еркебұлан көптеген отандық сериалдарда бой көрсетті. Әр адамның табиғаты соған бейім болады, таңдауы болады. Қазір енді анау дейміз, мынау дейміз бірақ өзін басқа тұрғыдан сынап көру үшін барған дұрыс қой. Әрине, қолдаймын. Ол жерге барып ашық-шашық киініп жүрген жоқ, ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығып боқтап жүрген жоқ. Әр адамның ол жерде өзіндік позициясы бар, өздеріне тиесілі, өздеріне қатысты. Медиа саласындағы трендте жүрген жоба болғандықтан барып көріп, өз-өзін тексеріп көруге болатын шығар. Мен бармайтын едім. Мәселе төбелесе алмағанда емес. Менікі емес. 5-10 миллион берем десе де не істеймін барып. Қазір өзінің аудиториясы бар, ол жаққа барып мен энергиямды шығармаймын. Ол жерге кететін энергияны мен театрға шығарайын", - дейді актер.

Вьетнамға кетемін

"Қазір рабочий аты "Саған ешкім қарамайды" деген кино наурыз айының 4-і немесе 5-і күндері түсірілім басталады. Жалғасы Вьетнам қаласында. 15-ші наурыз сол қалаға барып, киноның жалғасына түсемін. Алдағы күндердің жоспары осы".

Хотя б кино – 2

"Хотя б кино" фильмінде өзіміздің алдын ала келісілген гонарарымыз болды. Қазақстандағы жалғыз продюссер шығар, сол кино біткеннен кейін, касса жинағаннан кейін өзі келіп бұл фильмге де сенің үлесің бар, бұл гонарардан бөлек деп өзінің жеке рақметін айтты. Ол 10 мың я болмаса 20 мың теңге берсін, миллион немесе 5 миллион берсін бұл жерде бастысы көңіл. Сенің де үлесің бар деп конвертпен әкеліп берді. Мен риза болдым. Бұл кино өзінің жалғасын табады. Түсірілім қытайда болады. Мені негізі шақырған алайда мен Вьетнамға кететін болдым. Сондықтан график жағынан келмей қалуы мүмкін".

«Тізерлеп отырып, кешірім сұрадым»: Нұрболхан Шарапов ұрлық жасаған сәтін есіне алды
«Дәл мұндай көп гонарарды ешкім бермепті»: Жарқынай Ханайым бұрынғы продюсерінің мәрттігі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу