«3 келі шұжық жеп, 20 шақырым жаяу жүрдім»: Қалдыбек Құрманәлі бір өлімнен аман қалғанын айтты

Oinet.kz 28-02-2024 1156

Белгілі сазгер, композитор Қалдыбек Құрманәлі студент күнінде бір ажалдан аман қалғанын еске алды. Бұл туралы ол Qasqa Jol арнасынаа берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Айтуынша, жас кезінде достарымен жиі бәстесіп, қалжыңдасқан. 

“1988 жылы болған оқиға. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып жүрген кезім. Бала күнімнен шұжық пен жұмыртқаны жақсы көремін. Ол кезде шұжық бағасы – 62 тиын. ҚазҰУ қалашығынан жатақханаға дейін такси 1 сомға апаратын. Күн сайын 1 келі аламын да, жатақханаға әкеліп жеймін. Артынан лимонад ішемін. Шұжық сататын адам мені бақылап жүрген. Күн сайын барып, саудасын жүргіземін. Менен 15 жасқа үлкен кісі. Бір күні маған: “Сен күн сайын шұжық жейсің, жүрегіңе тимей ме?” деп сұрады. “Ақшам болса, бұдан да көп жейтін едім” дедім. Ол: “Бәстесейік, 3 келі шұжық жесең, 50 сом беремін” деді. Көп ойланбай, келісімімді бердім. Достарым бәрі қарап тұр. Ол кезде шәкіртақы – 40 сом. 4 лимонадты алдыма қойып қойды, бірақ арақ сұрадым. Ас қорытуға жақсы екенін білемін. Бәстесуден мен жеңіп шықтым. Сол күні масайрап қалғасын, сабаққа бармадым. Дүкен иесі сөзінде тұрып, 50 сомын берді”, – деп еске алады сазгер. 

Алайда сол оқиғадан кейін денсаулығы сыр беріп, бір ажалдан аман қалған көрінеді. Тіпті, жедел жәрдем алып кетіп, ұзақ уақыт ауруханада жатыпты. 

“Сол күні атағым шыға бастады. “ҚазҰУ-да шұжық жейтін студент оқиды екен” деп жұрт қолымен көрсететін болды. 3 келі шұжық жеп, 20 шақырым жолды жаяу жүрдім. Абай көшесін бойлап, Өтеген батырға дейін бардым. Қатты жүрегіме тигені сонша, көпке дейін өзіме келе алмадым. Ұйықтай алмай қалдым, көзім қып-қызыл болып кеткен. Мені көрген университеттегі дене шынықтырудан беретін ағай: “Бұлай жүре берсең, өліп қаласың” деп мұздай бассейнге лақтырып жіберді. Судан шығармай, арақты әкеліп бере берді. 4 бөтелке арақ ішкен шығармын. Мас болмаймын, су мұздай болса да, тоңбаймын. Сөйтсем, шұжықтың майы сыртқа шығып кетеді екен. Содан жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бардым. Сол жердегілер асқазанымды тазалап берді. Соның зардабы әлі бар. Балалықпен жасалған дүние ғой”, – деп жауап берді өнер иесі. 

«Мен өлгеннен кейін де жалғаса береді»: Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айт
«Тізерлеп отырып, кешірім сұрадым»: Нұрболхан Шарапов ұрлық жасаған сәтін есіне алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу