«Мен өлгеннен кейін де жалғаса береді»: Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айт
Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның бірнеше жылдан бері денсаулығы сыр берген болатын. Ақын Жандарбек Бұлғақовтың ютуб бағдарламасында айтыс төрағасы өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Әйтеуір қазақтың бір ұлы басқарады" деді ол.
"Наурызда айтыс болады. Соған жүргізуші таппай қиналып отырмын. 2-3 ақын бар, кежегесі кейін тартып қалады. Ал басқасының ондай құдіреті де, қабілеті де жоқ. Өзі қиын шаруа да емес. Мен өлгеннен кейін де айтыс жалғаса береді ғой. Бірақ тура алып кетейін деп тұрған жастар жоқ. Студенттердің айтысын Шұғайып Сезімханға беріп қойдық. Сондай 2-3 ақын шықса деймін. Нақты мынаған деп отырған адамым жоқ", - деді Жүрсін Ерман.