«Әжем әкеме теріс батасын берген»: Шерхан Пірназар көз жасына ерік берді

Oinet.kz 30-01-2024 3113

Танымал актер, тележүргізуші Шерхан Пірназар әжесінің қолында тәрбиеленгенін және теріс батаның кесірі туралы айтты. Актер балалық шағындағы қиындықтар туралы жан сырымен "Сәлем, Европа!" бағдарламасына берген сұхбатында бөліскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

"Мен кішкентай кезімде әжем мені өзінің әкесіне ұқсатып бауырына басқан. 15 шақты немеренің ішінен маған ықыласы ауған. Мен мектеп оқып жүргенде анама әжемнің қолына барып тұрайын дедім, әжем де ауылға келсін деп көп сұрады. Мамам бермеді, мен жыладым. Бірақ, демалыс күндері ауылға барып тұрдым. Папамның отбасында жеті ағайынды, бір қыз бар. Мен сегізіншісі болдым. Мамам да әжемнің ең сүйікті келіні болған. Анама да жұмыс істеткізбеген. Ауылдың барлық той-томалағы, мәселелерінде әжем жүретін. Тағдыр шығар, әкем мен анам екеуі екі жаққа кетіп, кішкентай кезімде мен қатты жылаппын. Сол кезде әжем әкеме менің баламды жетім қылдың деп теріс батасын берген екен. Төрт жыл бұрын қызым дүниеге келгенде алғаш рет әкеммен кездестім. Сол жерде ашық сөйлестік. Әкем әжемнің теріс батасын алғаннан бері жолы болмай кеткенін айтты. Әжем 2010 жылы дүниеден өткенде ол кісінің ең соңғы сөзі, аманаты Шерхан үйленсе, тойын өздерің өткізіңдер деген сөз болған екен. 2018 үйленген кезімде әкемнің туыстары тойды толықтай көтеріп берді", - дейді актер. 

«Жұрт жейтін нанын зорға тауып отыр»: Шетелде демалған Гүлзира Айдарбекова оқырманына жақпай қалды
Еркін Шымырқұлов, Мәдениет қайраткері: «Досыма берген сертті бұзбай үйлендім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу