Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті

Oinet.kz 08-08-2023 1787

Танымал әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев өмірден озды. Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали естіртті. 

Screenshot_8.jpg

“Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

“Иманды болсын”, “Иманы жолдас болсын”, “Алла панасына алсын”, “Алды пейіш, арты ырыс болсын”, “Артының қайырын берсін”, – деп басу айтты желідегілер.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева сәуір соңғы берген сұхбаттарының бірінде әкесімен ұзақ жылдар бойы араласпағанын, кейін жеке концертіне шақырып, татуласқанын айтқан болатын.

«Қияметте ақымды аламын»: Блогер өзіне сиқыр жасаған адамға видео үндеу жолдады
БЦП (ДЦП) – үкім емес: Ерекше балаларды аяғына тұрғызған дәрігер елді тәнті етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу