БЦП (ДЦП) – үкім емес: Ерекше балаларды аяғына тұрғызған дәрігер елді тәнті етті (видео)

Oinet.kz 08-08-2023 1101

Әлеуметтік желіде Данияр Болатов есімді жас дәрігердің сал боп туылған балаларды аяғына тұрғызған видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Даниярдың бейнежазбаларынан өздігімен жүріп-тұра алмайтын ерекше балалардың қажырлы еңбек пен нәтижелі жұмыстың арқасында аяққа тұрып жатқанын көруге болады. Жас дәрігер “БЦП (ДЦП) – үкім емес” деген ұранды ұстанады және бұл сөзіне кішкентай жеткіншектердің көрсеткен нәтижесі дәлел. 

Дәрігер балаларға жүруді, денесін көтеріп тұруды үйретеді. Көп ата-ана баласының алғашқы қадамдарының куәсі болды. Сондай-ақ ол ерекше балалардың ата-анасын үміт үзбеуге шақырады. Даниярдың ойынша, мүмкін емес нәрсе жоқ. 

“Мен ерекше балалар үшін өте үлкен жауапкершілік алдым. Мені олардың жеңіске деген күші мен ерік жігері, еркін өмір сүруге деген талпынысы мен қайсар мінезі таңғалдырады. Жеңіс – маңдай тер, көз жас, қайғы-қасіретпен келеді”, – дейді Данияр Болатов.

Жас дәрігердің балаларға деген махаббаты мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі желі қолданушыларын тәнті етті. 

“Балаларға бар махаббатын төгеді”, “Қолыңызға дерт бермесін”, “Көзіме жас келді. Міне, еңбек”, “Өз ісін жақсы көретіні көрініп тұр”, “Сіз балалардың ғана емес олардың ата-анасының да өмірін құтқардыңыз”, “Сізздей дәрігерлер көп болсын”, “Осы жолды таңдағаныңыз үшін көп рахмет”, – деп жарыса жазды желідегілер.

@dan_bolatov #болатовданияр #медицинаказахстана #GenshinImpact34 #2023goals #лфк #массаж #результат #дети #дцпнеприговор #хочувре #лфкказахстан #реабилитолог #лфкданияр #кинезиология #сме #медек #хочуврек ♬ Obnimi (Remix) - Okean Elzi & Callmearco
Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті
«Ұмытылмас романтика»: Бойжеткенді судан арқалап алып өтіп, көлікке жеткізген жүргізуші (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу