Джеки Чан қазақтың «Ақ шашу» әнін орындады (видео)
Желіде әйгілі киноактер Джеки Чанның қазақ тілінде ән айтып тұрған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
68 жастағы актерге Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық округіндегі этникалық қазақтар үстіне шапан, басына тақия кигізгені жазылған. Актер фильм түсіру үшін осы жерге келіпті. Дәстүрге сай оған ат мінгізілді.
Джеки Чан өз кезегінде «Ақ шашу» әнін бірге шырқады.