«Джинсты қазақтар ойлап таппаған шығар»: Ayumi тобының экс-әншісі хиджабты сынағандарға шүйлікті

Oinet.kz 02-02-2023 597

“Ayumi” тобының бұрынғы мүшесі, әнші Әсел Жамақаева орамал таққан қыздарға араша түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Өнерден алыстап, дінге бет бұрып, отбасына көңіл бөлуді жөн санаған Әселдің айтуынша, ел назарында жүрген қыздардың орамал таққанында тұрған ештеңе жоқ. Қоғамда одан да басқа талқылайтын мәселе жетерлік.

“Қойсаңдаршы енді. Жынысын ауыстырған, боянып, тырғанын өсіріп, белдемше киіп жүрген еркектерді сөз қылыңдар. Міне, бұл нағыз бассыздық. Мұсыламан қыздарымыз қалай әдемі киініп жүр?! Қазір дизайнерлер көп және ешкім Араб мәдениетін дәріптеп жатқан жоқ. Керек десеңіз, қазір біз батыстың киімдерін киіп жүрміз. “Джинсты” қазақтар ойлап таппаған шығар”, – дейді өнер иесі.

Осы тұста әншінің өзі киімге байланысты ұсыныс тастады.

“Орамалды қыздарды сынағандардың өзі қазақтың ұлттық киімін кисін. Мен де алдағы уақытта ұлттық киімді дәріптейтін боламын”, – деді Әсел. 

«Үлкен той жасаймыз деп айта алмаймын»: Дұғалова өзіне сырға салып қойғанын айтты
Джеки Чан қазақтың «Ақ шашу» әнін орындады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу