Мәскеуде жұмбақ жағдайда қаза тапқан Томиристің анасы бар шындықты айтты

Oinet.kz 19-07-2022 3193

2018 жылы Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова әділдік үшін өткен 4 жыл мен Меджидовке кешірім беру туралы сөз етті. Ол шетелге жібермес бұрын балаларға нені үйрету керектігін айтты. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға ашық сұхбат берді. 

Screenshot_5.jpg

"Егер Меджидов осыдан 4 жыл бұрын кінәсін мойындап, кешірім сұраса, кешірер едім. Оның да жаны ауырып тұрғанын, өкінгенін көрсем, кешіре алар едім", - дейді Жанна Ахметова.

Алайда Томиристің өліміне кінәлі деп танылған Муртузали Меджидов осы уақыт ішінде бірде бір рет өкініш білдірмеген. Қайта керісінше, бір сотты жеңіп шыққаннан кейін, оның туыстары Томиристің атына кір келтіруге тырысқан. Ол аздай, төрт жыл бойы Томиристің анасы мен сіңлісіне жалған парақшалардың атынан қоқан-лоққы көрсеткен. 

"Бұл оқыстан болған оқиға емес. Маджидов қастықпен әдейі өлтірген. Оны кейін тергеушінің өзі хабарласып айтты. Істі "адам өлтіруден" "қасақана адам өлтіру" бабына ауыстырды. Қайғылы оқиға болған күннің ертеңіне біз оқиға орнына жеттік. Бізге сол аудиторияны көрсетті. Томирис құлаған кезде тырнақтарымен терезеге жармасқан. Мұны сараптама да дәлелдеді. Әрі терезе астынан оның аяғының ізі анықталды. Өзін өзі өлтіргісі келетін адам олай жасамайды. Артымен секірмейді", - дейді Жанна Ахметова. 

Томиристің анасы 4 жыл бойы әділдік үшін бір өзі күрескенін айтады. Осы уақыт ішінде істе 6 тергеуші ауыстырған әйел адвокатпен де жұмыс істемеген. Өз мамандығы басқа бола тұра, Қазақстан мен Ресей заңын тыңғылықты зерттеп, ақырында "заңгер" болып шыққанын айтады. Ол қызының өлімінен кейін не түйгенін, қандай сабақ алғанын айтты. 

"Баламен барлық тақырыпта ашық сөйлесу керек екен. Маған ол жігіт ұнамайтын. Соны айтуым керек еді. Оның ұлтын, олардың өзге ұлтқа үйленбейтінін айтуым керек еді. Балалардың қызғылт көзілдірік киіп жүргені керек емес. Бұрын баланың да шекарасына кіруге болмайды деп ойлайтынмын. Бірақ айту керек екен. Ол жігітпен екі жыл кездесіп жүрді. Бір жыл болғанда: "Томирис, тоқта", - деп айтуым керек еді. 

Тағы бір айтқым келетіні, балаларға дос таңдауды үйрету керек. Жаныңда жаман дос болғаннан жаман нәрсе жоқ. Өзіңді сақтауды үйрету керек. Сонша шақырым жерге жіберіп отырғандықтан, қауіп төніп тұрса, кетіп қал дегенді түсіндіру керек", - дейді Томиристің анасы.

Айта кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтында оқитын отандасымыз Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Ауыр жарақат алған қазақстандық студент сол күйі есін жимастан қайтыс болды. Алғашында тергеу комитеті "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғады. Мәскеуде сот Муртузали Меджидов қазақстандық студентті өлтірді деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды.  Сотталушы жазасын қатаң режімдегі колонияда өтеуде.

«Бүкіл келіндердің проблемасы енесі» - Гүлзира Айдарбекова (видео)
"Шахрух хан жолда қалды": Әбдіжаппар Әлқожа танымал үнді әнін үш тілде орындады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу