"Шахрух хан жолда қалды": Әбдіжаппар Әлқожа танымал үнді әнін үш тілде орындады (видео)

Oinet.kz 19-07-2022 3041

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа танымал үнді әнін үш тілде орындап, Түркияда бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

Әлқожа үндінің танымал "Muhabbat" әнін қазақ, өзбек, үнді тілдерінде орындаған. Онымен қоса, бейнебаянды Түркия елінде түсірген. Тыңдармандар әннің де, бейнебаянның да сапалы шыққанын айтып, әншінің жұмысын жоғары бағалады. 

"Анау-мынау Үндістанның әдемі әртістерінен озып кеттің, бауырым. Әнің де, сәнің де, жүзің де керемет", "Осы әнді орындағаныңызды Болливуд көрсе, Шахрух ханның орнын басқан болар едіңіз. Бірақ өзімізге де сұлтан жігіт керек", "Керемет орындау, құлаққа жағымды, тыңдай бергің келеді", "Үш тілде орындағаныңыз күшті кетті", "Жүрекке жетті", - деп жылы лебізін білдірді тыңдармандар.

Мәскеуде жұмбақ жағдайда қаза тапқан Томиристің анасы бар шындықты айтты
«Мына өмірден шаршадым»: Атышулы Замира Сұлтан айықпайтын дертке шалдықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу