Баян Алагөзова "Мәншүк Мәметова" фильмінің съемкасына кіріскенін мәлімдеді
Баян Алагөзова қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмір тарихына арналған фильм түсірмекші деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қуанышты хабарды Баянның өзі Instagram парақшасында жазды.
"Армандар орындалады. Жақын арада біздің компания Мәншүк Мәметова туралы сериалдың түсіріліміне кіріседі. Біздің қолымыздан келеді және Мәншүктің аңызға айналған ерлігі ғасырлар бойы ұрпаққа беріледі деп үміттенемін", - деп бөлісті Мақсатқызы.
Фильмде басты рөлді сомдайтын қыздың кім екені белгілі. Ол жас актриса - Зухра Сайпи. Сериалға режиссер Асқар Ұзабаев режиссерлік етеді.
Басты рөлді сомда йтын актрисаға байланысты оқырмандары "Меніңше, өте сәтті таңдау басты рөл үшін", "әдемі", "өте әдемі және талантты актриса" деген пікрлер қалдырып жатыр.