«Құл болдың деген осы» - Нүрболхан билікті сынның астына алды (видео)
Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салуды міндеттеп жатқан билікті сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Цой, Отанымды жемешi! Балалар мен жүктi әйелдерге мүлдем салдыруға болмайды. Ауру ұрпаққа ставка тiгiп жатсыңдар. ВОЗ бәрiнiң түбiне жетедi. Бiз ВОЗ-ға тәуелдiмiз. Оны қашаннан берi айтып та, жазып та жүрмiз. Бiзге сыртқы күштiң әсерi өте мықты тиiп жатыр. ВОЗ-ға қанша қарызсыңдар, Қазақстан билiгi? QazVac-ты ВОЗға тiркеу үшiн қанша ақша кеттi?
Өз еркiмен вакцина алғандар, ендi салдырып көрсiн балалары мен жүктi әйелдерiне. Ендi басын көтеретiн шығар билiкке. Болды, бұл соңы. Ендi, тәуелдi, өз құқығы жоқ құл болдың деген осы.
Коронавирусты вакцинамен тоқтатамыз деген нәрсе өтiрiк. Вакцина салғандар да ауырып жатса ГДЕ ЛОГИКА?
Мәжбүрленбеңiздер! - деп жазды ол.