Қысқа көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы елдің сынына ұшырады (фото)
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қысқа көйлек киіп, елдің сынына ұшырады. Бұл суретті ол Instagram парақшасында жариялады.
- Көйлек туралы опростан соң, мені оқитын қыз-келіншектің көбі ұзын етек, жабық киім ұната ма деп қалдым. Әр түрлі ұзындықтағы киімді, түрлі түсті киімді араластырып киюден қорықпаңыз. Дегенмен киімге келгенде әркімнің өз таңдауы бар. Талғамға талас жоқ. Өзіңізге ұнаса болғаны. Ең бастысы ол көйлек сіздің бойыңызға, фигураңызға, жүзіңізге жарасып тұрсын. Әйелдің жан дүниесі де, сырт келбеті де, киген киімі де гүлдей жайнап, жарқырап тұрса қандай керемет! - деп жазды ол.
Оның бұл суретіне желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.
- "Ең бастысы жарасып тұрған жоқ өкінішке орай", "Лайла ханым мынау сізге жараспайды", "Адам жасына қарай киінген дұрыс сияқты өз ойым", "Сіздің жасыңызда мынандай көйлекті ұсынбас едім.Қырыққа келіп сіз мына түріңізбен мені қатты естен тандырдыңыз", "Әдемі фигураныз бар екенің білеміз,бірақта бұл сіздіің жасынызға, статусынызға мүлде жараспайды. А былай керемет жансыз ғой", "Жасыңызға келмей тұр көйлегіңіз. Аяғыңыздың еті қашыңқыраған, жас қыздарға болмаса канша дегенмен жасыңызға келмейтін сияқты", "Жас көрінем деп ақылыңыздан адастыңыз-ау" - деп жазды олар.