«Шынымды айтсам, маған ешқашан ұнамаған» - Димаш Құдайбергенов

Oinet.kz 16-07-2021 4393

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шоу-бизнеске деген көзқарасын айтты. Бұл туралы одан жақында "Славян базары" мерейтойлық фестивалі ашылған Беларусьтің Витебск қаласында өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрады, деп хабарлайды DimashNews.

Димаш.jpg

2015 жылы Димаштан "Славян базарында" алғаш сұхбат алған журналист Тамара Вятская "Алты жыл ішінде шоу-бизнеске көзқарасың өзгерді ме?" деп сұрады. Бұл сұраққа ол табиғаты жағынан өзін шоу-бизнес өкілі емес, шығармашылық адамы деп санайтынын айтты.

- Шынымды айтсам, маған ешқашан ұнамаған, бірақ мен музыканы шексіз сүйемін. Қазіргі әлемде бірі екіншісіз өмір сүре алмайды, сондықтан шоу-бизнеске етім үйренді - деді ол. 

Димаш Құдайберген кімге жанкүйер болады деген сұраққа әртіс елінің патриоты ретінде Қазақстаннан келген қатысушыға қолдау көрсететінін айтты. Алайда бұл оның тарапынан жеңілдіктер болады дегенді білдірмейтінін қосты.

- "Славян базары" - елдер мен менталитеттер арасындағы барлық шекара жойылатын және барлық адам музыка тілінде сөйлесетін алаң. Маған қазір өзім қатысушы ретінде қатысқаннан әлдеқайда зор жауапкершілік артылып отыр, - деді әнші.

Ол сәттілік тілеп, конкурсқа қатысушыларға кеңес берді: техникалық жағынан аса ауыр емес әнді таңдаған дұрыс, бірақ оны 100 пайызға орындау керек.

Сондай-ақ, әнші көптен күткен жаңалығын бөлісті: жарты жылдан кейін жаңа бағдарламамен үлкен стадионда концерті өтеді. Өткізу күні мен орны кейінірек белгілі болады.

Димаш арманы туралы айта келе, бір күні аты аңызға айналған "Уэмбли" стадионында концерт бергісі келетінін бөлісті.

Тамара Асар жолдасымен суретін жариялап, әсерлі жазба арнады (фото)
Мейрамбек Бесбаевтың биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу