Тамара Асар жолдасымен суретін жариялап, әсерлі жазба арнады (фото)
Танымал әнші Тамара Асар жолдасымен суретін Instagram парақшасында жариялап, жазба арнады.
- Адамның бақыты өз жүрегінде, Ой-сезімінде. Отбасы,Ошаққасында. Ауылдағы Анамыз біз үйленген кезде, “Бақыттарыңды өз бойларыңа әбден сіңдіріп алып, кештеу жариялаңдар” - деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз... Әр қимылымнан бақыт іздеген, небір қиындық болса да,құдайдың берерінен үмітімді үзбеген, еңбекті ермек еткен, сырлы сабырды салмақ еткен, діттеген мақсаты бар арманшыл әйел затымын… (ниетім)
Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған,өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген,мені көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді.
Өзім де іштей: “Мендей келіншек,дәл осы азаматтың шәйін қайнатып,отын тұтатуы керек”-деген ойға тоқтадым. Шүкір! Осыған дейінгі “Шоңқайма етік”жайында инста парақшамдағы жазбамды оқысаңыз, түсінесіз.
Ештен кеш жақсы, үйге қонаққа келген, Айгүл құрбымның парақшасындағы @aigulyelshibayeva01 ақжарма ақтілегінен кейін, мені білетін де, білмейтін де, оқитын да,оқымайтын да сайттар, арналар, аккаунттар,парақшалар, “Айды аспанға шығарып” жарысып, жар салып жатқасын, өз парақшамнан дыбыс білдірмеуім әбестік деп есептеп, көңілі көлдей көрерменіме өз аузымнан жазып отырған жәйым бар. Кеше Ресми сайтқа ресми мәлімдемені @impresario.tv продюсерім Жан Мұқанов жасады. Құлағдар болған елдің басым көпшілігі шын қуанып,тілектерін жаудыртып жатса, араларынан әншілерді сөзбен сынап-сыбап жатқандарында көзім шалып отырды. Үлкен рахмет. Ниеттері өздеріне жолдас болады ғой. Жаратқанның құзырына бердік бәрін.
P.S. Алламыздың қалауымен,Әкеміздің батасымен, Шешеміздің рұқсатымен,
Екеуміздің “биссиміллә” нартәуекел-шешімізбен бұйырымыс осылай болды.
Үйлестіріп-үбістіріп құралуды құтты қылып жазсын АЛЛА!!!
Құрметті ОҚЫРМАНДАР, Достар, Әріптестер, Туыстар жаудырған жақсы тілектеріңізге рахмет!!!
Базарлы бақыт тілейміз сіздерге!!! - деп жазды ол.