Танымал әнші бұрынғы күйеуі өзіне талай қол көтергенін жасырмай айтты (видео)

Oinet.kz 15-07-2021 3886

Танымал әнші Әсел Асқар өзінің жеке өмірі туралы жасырмай айтып берді. 30 жастағы танымал келіншек екі рет шаңырақ көтерген. Жуырда ол өзінің екінші жарымен де ажырасып кеткенін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол НТК арнасының Tooba бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

image.png

Сұхбат барысында Әсел өзінің өмірінде орын алған түрлі жайттармен, қызықты сәттерімен, басынан кешкен оқиғаларымен бөлісе кетті. Мәселен, ол ер адаммен төбелесіп, мұрнын сындырғанын, салдарынан мұрнына пластикалық ота жасатқанын айтып берді. 

- Ер адаммен қаттты төбелесіп, мұрнымды сындырған едім. Негізі қазір де мен төбелесе аламын, - дейді ол. 

Нәзік әйел затымен төбелескен ер адамның кім екенін айтпағанымен, Әсел Асқар бірінші күйеуі қол көтергенін жасырған жоқ. 

- Бірақ, бірінші күйеуім соққыға жыққан. Бірақ, ол 2010 жылы қазіргідей ашық айту жоқ, ешкімге білдірмеуге тырысасың. Қазір әйелдер әлеуметтік желі арқылы ашық айта алады. Ол кезде ондай емес еді, - деді ол. 

Айтуынша, егер мұндай жайт дәл қазір орын алса, ол күйеуіне шағымданып, полицияға хабар беретін еді. 

- Қазір өкінемін. Сол кезде быт-шытын шығарып сотқа беруім керек еді. Әйелдің құқығын қорғау керек деген мәселе енді ғана көтеріліп жатыр. Ол кезде әйелдің ашық айтуға батылы жетпейтін, - дейді ол. 

Құны 7 жарым миллион теңге тұратын торт желіде дау туғызды (видео)
Тамара Асар жолдасымен суретін жариялап, әсерлі жазба арнады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу