Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жасы елуден асқан соң әйел адамдардың потенциалы төмендейтіні рас, дегенмен неге біздің қоғам 50-55 жастағы әйел қауымына жақсы жұмыс ұсына алмайды. Мен өзімді емес, замандас қыз-келіншектердің жайын айтқым келіп отыр дейді, Ләйла Сұлтанқызы өз Instagram парақшасында деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қырықтан асып, елуге таяп қалған танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы зейнетке шығып кеткенше біраз істің басын қайырғысы келетін көрінеді. Бірнеше тілдерді үйреніп, жаңадан компания құрып, аяғынан тік тұрғыза алуға қауқарым жетеді дейді.
Екі тіл меңгеруге болады, жаңадан компания құрып, аяғынан тік тұрғыза алармын, докторлықтыда қорғауға болады. Тағы не? Бұрынғыдай қырып жұмыс істеуге шамам жете ме? Менің істегенімді жастар да істей алады ғой деп жол беру керек пе әлде?
Оған себеп: өткенде жақын құрбым собеседование өткізді. Сонда кімдер келді деп ойлайсыздар? Жасы 50-55-тен асқан келіншектер. Қарапайым жұмысшы болу үшін. «Бұл ауыр жұмыс қой, басқасын қарастырмадыңыз ба?» деген сұрақ қойылды. Айтқан уәждері: «Бізді ешқандай жер жұмысқа алмайды, біз қоғамға керек емеспіз». Елуден асқанның бәрі ондай жұмысқа баратындай оқымаған дей алмаймыз. Белгілі бір себептермен кезінде қызмет ете алмаған шығар. Ал, енді ше? Оларға мүмкіндік беруге болмай ма? Осы қаншалықты әділ?, дейді Ләйла.
Бұл проблема жайында Ләйланың оқырмандарының арасында қызу пікірталастар болды. Көпшілік оны қолдап өздерін не зейнетке шыға алмай жатқандығын, 50 ден асқан соң не жұмысқа еш қандай жер қабылдамайтығын айтып, өз күйініштерін білдіруде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram