Жазира Байрбек халықтан кешірім сұрады
Отандық танымал әнші Жазира Байрбек халықтан өз Instagram парақшасында кешірім сұрап, енді жануарларды қинап олардың терілерінен жасалған киімді кимейтіндігін, ешкімге сыйламайтындығын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Осы постым үшін ренжитіндерді де түсінемін. Кешіріңіздерші. Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтынын видеолардан көріп, жаным ауырып кетті. Шубаға жарнама да жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін, сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға тамшыдай болса да үлес қосқым келмейді, дейді әнші өз Instagram парақшасында.