Әншілер Ақбота Керімбекованы туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Oinet.kz 04-12-2020 2566

Кеше қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекованың туған күні өтті. Қазақ эстрадасының ерке қызын өнер адамдары ерекше құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Ақбота Керімбекова.png

Әншілердің өнердегі әріптесін құттықтап жатқан видеосы Ақбота Керімбекованың Instagram парақшасында жарияланды. 

- Аяулы әнсүйер қауым, менің сүйікті тыңдармандарым! Ән деген, Ақботам деген жүректеріңізден айналдым! Жаным жылағанда жұбатар жұбанышым Сіздерсіздер! Бүгін мені туған күніммен құттықтап, тағы еркелетудесіздер! Барлығыңызға жақсылық тіледім! Күндей күлімдеп, жаздай жадырап жүріңіздер! Мен Сіздерді жақсы көремін! - деді Ақбота Керімбекова. 

Құттықтаушылардың ішінде Ұлықпан Жолдасов, Мейрамбек Беспаев және Кенжебек Жанәбілов бар. 

Сонымен қатар, әншінің туған күнімен желі қолданушылары да құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Құтты болсын. Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Бала-шағаңыз сізді қуанта берсін. Немереңіздің артынан ерген немере-шөбереңіз көп болғай. Сахна төрінде берер шығармашылығыңыз көп болғай", "Гүлдей құлпырып, күндей нұрланып, айдай арайлап, жарқырап жүре беріңіз", "Құдай бере салған жәнімаууу, туған күнің құтты болсын!", "Ақбота, жаным. Жаңа жасың құтты болсын. Бақытты бол", "Қазақ елінің еркесі болып,жақсы,жүрекке жететін әндеріңізбен қуантып,аман жүре беріңіз" - дейді желі қолданушылары.


Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Ақбота Керімбекова (@botakerim)

Атышулы «Қалаулымдық» Замира ұзатылды (фото, видео)
Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі әйелі туралы ойын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу