Шөп шапқан Мағрипа ақылынан адасты
17-09-2022
Отандық танымал әнші Ернар Айдардың ұтыс ойнына қатысты пікірталас әлі де басылар емес. Оның бұл әрекетінің дұрыс еместігін айтып, өнердегі ағасы Асхат Тарғын өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Алматы арнасындағы "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Асхат Тарғын халықтың ақшасымен ойнауға болмайтынын алға тартып, Ернар Айдарға алданып қалғандардың ақшасын қайтаруға кеңес берді.
- Әрине, халықтың ақшасын қайтару керек. Болмайды олай. Ол жерде тіпті тізімде бар. Кім қанша билет және қаншадан алғаны анық жазылып тұр. Барлық мәліметтер компьютерде тұр. Қанша 100 миллион деді ма? Соны тізім бойынша тарату керек негізінде. Ол халықтың ақшасы ғой. Ертең ұят болады , - деді Асхат Тарғын.