Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

Oinet.kz 16-11-2021 719

Премьер-министр Асқар Мамин ақылы түрде екпе салдыру ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін еске салды.

Оның айтуынша, екінші партияны 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Республиканың жеті өңірінде вакцинация басталған. Бұл – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары.

- "ВАК тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқын вакциналау үшін Comirnaty, Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Өз қалауымен, ақылы түрде алғысы келетіндерге. Қолдауыңызды сұраймын", - деді Цой үкімет отырысында.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин министр мен ВАК ұсынысын қолдады.

- "Мен коммерциялық сегментке вакцина жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын, осылайша тілек білдірушілер өздеріне қажетті вакцинаны ақылы түрде ала алады", - деді Мамин.

Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді
Асқар Мамин: «Pfizer ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу