​Белгілі әзілкеш жарының көзінше екінші әйел алатынын айтты

Oinet.kz 21-10-2020 2041

Қазақстандық танымал әзілкеш Ақболат Өтебай өз жарына сұхбат беріп, оның көкейінде жүрген бірқатар маңызды сұрақтарына жауап берді. КВН жұлдызы келіншегінің көзінше екінші әйел алу ойында бар екенін жасырмай айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Ақболат Өтебай Youtube желісіндегі "Мәміле" бағдарламасы аясында келіншегіне жан сырын ақтарып тастады. Әзілкештің жары бұған дейін қоя алмай жүрген барлық сұрақтарын жаудырып тастады. КВН жұлдызы олардың барлығына дерлік жақсы жауап беруге тырысқан. Тек бір сауалға қатысты айтқаны жарының көңіліне қаяу түсірсе керек. Ол екініші әйел алу мәселесі туралы ойын ортаға салып, жұбайын ренжітіп алған көрінеді. Ақболат Өтебай жарының көзінше тағы да бір келіншек алу жоспарында бар екенін жасырмай-ақ айтты. Алайда, әзілкеш бұл ойлағаны бұйратын болса ғана іске асатынын жеткізді. 

"Қарсы болмайды ғой. Кім қарсы болады? Менің өзімнің жеке ойымда ол нәрсе бар. Бірақ, ол бұйырғаны. Тағдырда жазылса болады. Қанша жерден қаласақ та, жазылып қойған болса, алу керек болса, сен қанша жерден қарсы болсаң да, бүкіл әлем қарсы болса да алынатын зат алынады. Егер тағдырымызда болмай, Алла қаламаған болса, мен қанша жерден қалап, сендер де алып бермекші болсаңдар да болмайтын зат болмайды. Бірақ, бұйырған қашпайды. Бұйырады деп ойлаймын. Бұйырсын" , - деп ағынан жарылды Ақболат Өтебай.

Үйлену тойын жасаған Қуандық Рахым қайынжұртымен қоса айыппұл төлейтін болды
Роза Рымбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу