«Өз сүйкімін өзі кетіріп»: Алтынай Жорабаева халықтың сынына қалды
Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның ұтыстарын сынап тастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде өз оқырмандарының сынына ұшырады. Қалың көпшілік әншінің карантин уақытында көптеп ұйымдастырып кеткен ұтыстарының шынайылығына күмәндануда.
Олар өнер иесінің сансыз ұтыстарына қанша мәрте қатысса да, әлі де ұта алмай келе жатқанын жеткізді. Оған қоса, желі қолданушылары осыған дейін аталмыш ұтыстарда жеңіске жеткен бірде-бір адамды көрмегендерін айтты. Өз наразылығын олар шоу-бизнес жұлдызының Instagram парақшасында жарияланған жазбалардың астында қалдырып жатыр.
"Ұтып жатқан бір адамды көрмедім", "Қайта-қайта оқырмандарын жаңадан қоя береді" , "Адам санын көбейтудің амалы ғой" , "Елді әбден ақымақ қылып бітті" , "Қанша қатыссақ та, бір ұтпаймыз", "Шегірткеге сенген ақымақтар" , "Ешкім ұтпайды, не үшін қатысып жүрсіздер" , "Қалай ұтады, ұттырмай отырсаң" , "Не болып кеткен, өз сүйкімін өзі кетіріп" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі көптеген өнер өкілдері табыссыз қалып қойып, жаппай ақшалай ұтыстар өткізуге кіріскен еді. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар. Көпбалалы әнші күніге бір ұтыс ойнатып, бірнеше адамды ақшалай сыйлықпен қуантып жатады. Алайда, желі қолданушыларының оған қатысты үлен күмәні бар.