Мақпал Жүнісованың әпке-сіңлілерімен түскен фотосы көпшілікті тамсандыруда (фото)
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мақпал Жүнісова желіде отбасылық фотомен бөлісіп, қалың көпшілікке туған әпке-сіңлілерін көрсетті. Бірдей көйлек киіп, суретке түскен өнер иесі мен оның жақындарына ел тәнті болуда, деп хабарлайды Oinet.kz.
Туған-туыстарын ғаламтор кеңістігінде сирек жарилайтын Мақпал Жүнісова бұл жолы жанкүйерлерін ерекше қуантты. Ол Instagram парақшасында бар әпке-сіңлілері мен келіндерімен түскен фотосымен бөліскен. Суретте олардың барлығы ұқсас көйлек киіп алғанын көруге болады.
- "Бір анадан туған бес қыз және екі келін. Үйде киетін жұқа шыт көйлектер алып қойып едім, біз біргеміз деген сияқты" , - деп жазды Жүнісова фотоның астына.
Апалы-сіңлілі Жүнісовалар желі қолданушыларын тәнті етіп, көптеген жылы лебіздерге ие болды. Бірі оларды өзара ұқсатып жатса, енді бірі олардың әрқайсысы өзгеше деп жазуда.
- "Көз тимесін, Алла ұзақ ғұмыр берсін" , "Осылай тату-тәтті өмір кеше беріңіздер" , "Сыйластықтарыңыз бен бірліктеріңіз ажырамасын" , "Туғандардың орны бөлек қой" , "Керемет Мақпал өте бауырмашыл екенсің. Алла пейіліңе беріп Мерейжанның рахатын көруді нəсіп етсін" , "Керемет жарасып тұрсыздар" , "Қандай күшті, бауырларыңыз бүтін болсын" , "Келіндеріңіз де өзіңізге ұқсайды екен" , - деп жазды желідегілер.