Ләйлә Сұлтанқызы жанын жегідей жеген мұңымен бөлісті

Oinet.kz 10-07-2020 1817

Қазақстандық белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус пандемиясы салдарынан көз жұмған туыстарының жаназасына бара алмағанына күйінді. Күнделікті таныстарының қазасы жайлы хабарларды естіп,  әбден қажығандығын айтты. Ол әрбір шаңыраққа қайғы әкелген індеттің кететініне және әлемде шуақты күндер орнайтындығына сенетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- "13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы президент үндеуінде айтты. Бұл пандемия менің де туыстарымның ішінен қанша адамды алып кетті. Не жерлеуіне, не не жаназасына бармадым, көңіл де айтпадым деп анам отыр егіліп. Депрессия, стрессс, уайымның өзі адамды бір жақты қылып қояды. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой, десе де. Бәріміз дұғадамыз. Бұл күндер де өтер, кетер. Болашақтан бәрібір үміттіміз" , - деп жазды тележүргізуші. 

Балғынбек Имашев коронавирусқа ерекше өлең шумақтарын арнады
Танымал режиссер министрді қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу