Балғынбек Имашев коронавирусқа ерекше өлең шумақтарын арнады
«Басында вирус бар деп ескермедім, зиянын естісем де тексермедім». Оқырмандарына ойын Абайша жеткізген ақын Балғынбек Имашевтың өлеңінен келтірілген үзінді. Әу-баста жұқпалы дертті саясат деп, оның барына сенбеген айтыскер қазір сөзін кері алып, аудиториясынан кешірім сұрап жатыр. Ештен кеш жақсы ғой. Өкініштісі, өнер жолында жүрген кей әріптестері кеселге әлі де күле қарайды. Тіпті миллиондаған оқырмандарын дегеніне көндіріп жүргендері де бар, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Айнұрды мәңгі, баладым досқа, бұл менің кобрам, из 90-х»
Сөзі де, өзі де хит ақын Балғынбек Имашевты айтыс сүйер қауым жақсы таниды. Тапқырлығымен, суырып- салма ақындығымен миллиондаған жанның ыстық ықыласына бөленді. Сол үшін айтыскердің әр сөзі халыққа өтімді. Мәселен, вирус елде енді тараған шақта індетті биліктің саясаты деп, халықты оған мүлдем сенбеуге шақырған Балғынбек Имашевтың дегеніне ергендер көп болды. Алайда арада екі ай өткен соң, ақын ақыры қателескенін түсінген сыңайлы. Өкінішін парақшасында өлеңмен жеткізіпті.
«Басында вирус бар деп ескермедім,
Зиянын естісем де тексермедім.
Ер «кеткен соң» қабірдің қуысына,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өзім де маска кимей төске өрледім,
«Барлығы саясат» деп дес бермедім.
Күнделікті естимін суық хабар,
Режим сақтап отырсам өстер ме едім?
Жаназадан көз ашпай, Мемлекетті,
Карантинге жапқанын теріс көрмедім»