Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Журналистің нағашы апасы қайтыс болған. Диагнозы - коронавирус инфекциясы, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Динара Сәтжан Instagram парақшасында хабарлады.
Ол нағашы апасының коронавирустан қайтыс болғанын растады.
- Бүгін біздің апамыз өмірден өтті. Менің анамның анасы қайтыс болды. Диагнозы - коронавирус. Бұл қауіпті індет бүгінде Жаңаарқада өршіп тұр. Маусым басында сол жерде болып қайттым. Ол кезде апам өзін жақсы сезінген болатын. Бұл вирус болмағанда ол әлі де кемінде он-он бес жыл өмір сүрер еді" , - деді Динара Сәтжан.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжанның өзі де қатты ауырып жатқанын айтып, елді алаңдатып қойған болатын. Тележүргізуші коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест жасайтын орталық таба алмай қиналып, ақыры тестілеуді кейінге қалдырып қойды.