Төреғали Төреәлі қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото, видео)

Oinet.kz 08-06-2020 1784

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Төреғали Төреәлі екінші қызының туған күніне ерекше есте қалатын қызықты мерекелік шара ұйымдастырған, деп жазады Oinet.kz тілшісі

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында көре аламыз. Төреғали қызы Тоғжанды туған күнімен құттықтап, өз әкелік тілегін жолдаған. 

"Тоғжан Төреәлі. Екінші перзентіміз өзіміздікі болады ғой деп жүруші едік. Үшіншісі де, төртіншісі де атасы мен әжесінікі болды ғой. Маған тек есімін қою мәртебесі бұйырған еді. Ал атасының қызы туған күніңіз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын" , - деп жазды өнер иесі. 

Жұлдызды отбасы мүшелері жеке парақшаларында мерекелік шара кезінен фото және видеолармен бөлісіп үлгерді. Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі туған күнге жолдасымен бірге келіп, Тоғжанға ерекше құттықтап қайтқан. Жас жұбайлар туған күн иесіне үлкен қуыршақ сыйлады. Бейнежазбаларға қарап, отбасылық шара балаларға арналған мейрамханада өткенін көруге болады. Онда өнер иесінің перзенттерінен басқа бүлдіршіндер де болған. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгінгі күннен естелік

«Сүйетін уақытым келді»: Айгүл Иманбаеваның ғашығын жолықтырғаны рас па?
«Тойхана иелері мен әртістер халық есебінен күн көретін паразиттер» - желі қолданушысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу