«Тойхана иелері мен әртістер халық есебінен күн көретін паразиттер» - желі қолданушысы

Oinet.kz 08-06-2020 2822

Әлем деңгейінде таралған коронавирус қауіпті індеті біздің елді де айналып өтпеді. Қауіпті инфекцияның Қазақстанда таралуы елдегі біршама кәсіпорындардың жұмысын кейінге шегеріп, кәсіп иелерінің дөңгелетіп отырған ісіне біраз уақыт шектеулер қойылды.  11 мамырдан бері  бері монша, мейрамхана, спа және спорт нысандарының жұмысы жанданды, сол-ақ екен тойшыл қауымның көңілінде үміт оты маздады. Бұл карантинде қаржыдан қағылған тойхана иелеріне де, сөз ұстаған асабалар қауымы, әнші-биші, даяшы, қысқасы той бизнесін төңіректегендердің бәріне қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Қазір бұл ғаламтор желісінде жалпы той томалақтың қажет я қажет еместігі қызу талқыға түсіп жатыр. Оралбек Бей Өтеғұлов есімді желі қолданушысы мынадай ойымен бөлісті.  

- Тойханаларды мүлде жауып тастау керек. Ол жерде даяшы болып жұмыс жасайтын қазақтың өрімдей жас қыз-жігіттері. Кем дегенде 5-6 сағат жұмыс істетіп, 1500-2000 теңгемен ғана қатырады. Кейде ыдыс сындырып алса, ол да жоқ. Бұл адам еңбегін таза қанау ғой. Кейбіреулері тіпті 18-ге де толмаған. Ең болмағанда сағатына 1000 теңгеден төлеуі керек! Тойхана иелері де, әртістер мен асабалар да қарапайым халықтың есебінен өмір сүріп отырған таза паразиттер. Өттерің жарылып кетсе де айтайын: барып тұрған нағыз паразитсіңдер! - деді Оралбек бей Өтеғұлов. 

Жазба авторы 5 айға тойға мораторий жариялау керек деген пікірде. 

Төреғали Төреәлі қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото, видео)
Меруерт Түсіпбаева Қазақстанның көк туын алып шыққан жалаңаш қызға шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу