«Сүйетін уақытым келді»: Айгүл Иманбаеваның ғашығын жолықтырғаны рас па?

Oinet.kz 08-06-2020 5651

Жақында ғана Алтынай Жорабаева мен Мөлдір Әлеубекованың тұрмысқа шыққаны бәрімізге мәлім. Ал ендігі кезек Айгүл Иманбаева болғаны ма?  Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде махаббат жайлы жазба жариялап, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

Айгүл Иманбаева сүйетін уақыты келгенін Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Әдетте, жеке өмірі жайлы ешбір жанға тіс жармайтын әнші бұл жолы іштегі сырымен қалың көпшілікпен бөліскен.

"Әр махаббаттың өз уақыты бар. Менің де сүйетін уақытым келді" , - деп жазды Иманбаева. 

Өнер жқлдызының бұл жазбасмы желі қолданушыларын ойландырып, олардың арасында қызу пікірталас туындатты. Көпшілік өнер иесінің араға бірнеше жыл тастап, ақыр-соңы сүйіктісін жолықтырғанын болжады. Оқырмандар бірінші некесі сәтсіздікке ұшыраған актрисаның бағы ашылып, бақытты болуын тілеп жатыр. 

"Бақытты болыңыз, лайықсыз" , "Керемет жансыз ғой. Сүйіктіңізді жолықтырғаныңыз дұрыс болған" , "Шүкір ұлыңды ел қатарына қостың, өз жеке театрыңды аштың. Енді өзіңе уақыт бөлу керексің. Өз маңдай теріңмен жеттің барлық жетістіктерге, бақытты болуға лайықты әйелсің. Өз теңіңді тапқаның өте дұрыс", "Бақытты болуға жаралған жансыз" , "Әр әйел бақытқа лайықты. Сүйіктіңізге жолыққаныңызға сондай қуаныштымыз" , - деп жазуда олар. 

Ақбота Керімбекова желіде азулы жазба жариялады
Төреғали Төреәлі қызының туған күнін ерекше атап өтті (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу