Ақбота Керімбекова желіде азулы жазба жариялады
Отандық шоу-бизнес өкілі Ақбота Керімбекова өзінің жеке басына тиетін сөздер айтып, әлеуметтік желіде орынсыз сөгетіндерді жазасыз қалдырмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Көптен бері көпшіліктің дауына айналған ұтыс ойындары туралы да ашық пікірін білдірді.
- Қымбатты оқырмандарым! Кеш жарық!Оразаны аяқтадым, Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Енді эфирге шығайын...Ақталмаймда,ақталғым да келмейді, себебі ешқандай заңға қарсы әрекет жасағаным жоқ. Шындықты қабыл алсаңыздар, мән жайды түсіндірейін деген ойым ғана. "Даудың басы Дайрабайдың ала сиырынан басталды" - демекші, бәрі ұтыс ойыны емес, Инвесторлардан дауынан басталған, - дейді әнші.
Рейтинг қуалап әншінің атына кір келтіріп жүрген әлеуметтік желі, телеарна немесе жеке адам болсын сотқа беретіндігін ашық айтты.
- Кейбір рейтинг қуып, өздерін "хайппен" жарнамалағысы келетін кейбір журналистер мен сайттар, менің, әріптестерімнің сөздерін барынша бұрмалап, халыққа "жексұрын" көрсетіп жүр. Менің, шақырған сұхбаттарынан бас тартып, "Қанша рет бұл туралы айттық. Мен енді бұл туралы айтқым да, басымды ауыртқым да келмейді. Журналистер түймедейді түйедей етесіздер. Менің ақшаға қатысым жоқ, мен тек жарнамасына түстім" - деген сөздерімді, ток шоуға емес, "халыққа басымды ауыртқым келмейді" деп бұрмалап көрсеткен. Осы күнге дейін, рейтинг үшін "жан пида" боп жүрген және әлеуметтік желіде ауыздарына келгенін айтып, маған қатысты ақпаратты бұрмалап, ақиқатына көз жеткізбей, мән-жәйді білмей, мені қаралап, жала жауып айтылған сөздердің бәріне кешіріммен қарадым. Бірақ.... Бүгіннен бастап, дәл осылай мейлі ТВ, мейлі әлеуметтік желі, инстаграм желісінің пікірінде, кім маған ауыр сөздер айтып, жала жауып, намысыма тиетін сөздер айтса, жазса, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 130, 131 баптары бойынша сотқа беретінімді ескерткенім дұрыс болар, - дейді Ақбота Керімбекова.