Гаухар Әлімбекованың адвокаты миллионға байланысты мән-жайды түсіндірді

Oinet.kz 01-06-2020 2070

Отандық танымал әнші Гаухар Әлімбекованың басы тағы да дауға қалды. Әншіні 2 миллион теңге қарыз алды деп айыптаған Серік есімді азаматқа Гаухар Әлімбекованың өз жауабы дайын. Бұл туралы әншінің адвокаты Бағдагүл Әжіғалиева желіде жазба қалдырды.

image.png

- "Мен Инстаграмда отырмаймын, ештеңе жазған да емеспін, өйткені басқа әлеуметтік желіні пайдаланамын, бірақ бір адамның жазған «хикаясы» және оны БАҚ-да орналастыруы адвокат және сенімді өкіл ретіндегі көзқарасымды осында жариялауыма мәжбүр етті.27.05.2020 жылы Серік былтыр тамыз айында белгілі әнші Гауһар Әлімбековамен телефон арқылы сөйлесіп, оның жеке концертін ұйымдастыруға 4 млн. теңгеге келіскенін жазыпты. 2019 ж. қыркүйегінде Алматыға келген ол келісілген соманың жартысын – 2 млн теңгені әншіге беріп, концерт дайындығына кірісіп кеткен. Ақырында «билеттерді өткізе алмаған» соң, «залдың 99,9%-ы бос» қалғандықтан концертті болдырмай, Әлімбековадан гонорарды қайтарып беруін сұраған, ал әнші ақшаны қайтарудан бас тартып, телефонын өшіріп, қара тізімге енгізіп қойған. Осыған орай ол «Инстаграм арқылы жазуға мәжбүр болған». Оның жазғанының қысқаша мазмұны осы", - деп жазды ол. 

Серік 2019 жылғы наурыз айынан бастап Әлімбековаға хабарласып, Қазақстанның батыс өңірлерінде жеке концертін ұйымдастыруға рұқсат сұраған.

Әнші концерт өткізуге әзір емес екенін, сотқа байланысты дау-дамайдан әбден шаршағанын, депрессияда жүргенін айтып, ұсыныстан бас тартқан. Бірақ Серік қайта-қайта қоңырау шалып, басқаның емес, Гауһардың ғана концертін өткізгісі келетінін айта берген. Ұзақ келіссөздерден соң әнші ақыры мәмілеге келген. Екі жақ концерт уақытын 2019 жылдың 4-7 қазаны деп белгілеп, бір концерт үшін гонорар ретінде 1 млн теңге деп келіскен. Гауһар Әлімбекованың дәл осы күндерге алдын ала белгіленіп қойған жеке және шығармашылық жоспарларын өзгертуіне тура келген. Оның ішінде Шымкенттегі билеттерінің 60-70 пайызы сатылып қойған концерт (ақшаларын қайтаруға тура келді), екі үйлену тойы – бәрінен бас тартуға мәжбүр болған. 

Бұл фактіні растайтын куәгерлер бар. 2019 жылдың қыркүйек айында Серік Алматыға келіп, келіскен соманың жартысын, 2 млн теңгені әншіге өз қалауымен берген. Концертке үш күн қалғанда ол Әлімбековаға хабарласып, концертті ұйымдастырушы жігіттің туған бауыры көз жұмғанын, сол себепті де жоспарланған іс-шараның болмайтынын, концерттің келесі жылдың көктемінде өтетінін жеткізген. Кейінірек тағы қоңырау шалған Серік алдын ала төленген сомаға әншінің қыста тойға келіп қайтуын өтініп, билет алып қойғанын айтқан. Әнші келіскен, 2019 жылдың қазан айында туған ағасы қайтыс болып, қайғырып жүрсе де, уәдесін орындау үшін Серіктің хабарын күткен. Бірақ ол сол күйі байланысқа шықпаған, тұтқаны көтермеген", - деп жазды адвокат.

- "Ең қызығы кейін басталған. 2020 жылдың сәуірінде хабарласқан Серіктің талабы бойынша, Гауһар алған ақшасын өтеуі үшін Атырауға келіп, 2020 жылдың 29 маусымынан 29 шілдесіне дейін, яғни бір ай бойы (әр аптаның бейсенбісінен жексенбісіне дейін) оның ресторанындағы тойларда ән айтуға тиіс екен. Және пәтер жалдап тұруы керек екен. Әрине, әнші мұндай шартпен келіспеген: бір кештегі жеке концерт пен бір ай бойы тойда ән айту – екі бөлек нәрсе, оның бағасы да әрқалай. Гауһар Әлімбекова нақты бір күнге белгіленген концертке баруға келісетінін, бірақ бір ай бойы басқа қалада тұрып, ресторанда ән айта алмайтынын жеткізген. Өйткені оның басқа да жоспарлары бар – ән жаздыру, т.б. Алайда айғайға басқан Серік алдын ала берілген 2 млн авансты әншінің солай өтеуі керектігін, басқа әншілердің бір айға ешқандай қарсылықсыз ұшып келетінін мәлімдеген. Оның еш сөз түсінбейтінін ұққан әнші адвокат ретінде менен кеңес сұрап, Серікке өз талаптарының негізсіз екенін түсіндіруімді өтінді. Сол уақыттан бастап мамырдың ортасына дейін мен Серікпен, сосын оның заңгерімен жиі-жиі сөйлесіп, бір ай бойы ән айтуын талап етуі алдын ала төленген ақшаға сай емес екенін, әр артистің өз шарттары болатынын түсіндіруге тырыстым. Серіктің ресторанында бір ай бойы ән айтуға мәжбүр болатындай, Гауһар Әлімбекова – өнерге енді қадам басқан жас әнші емес", - деп жазды ол.

Жазира Байырбекова Алтынай Жорабаевамен құда болуға ниет білдірді
Тәуекел Мүсілім тойына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу